Жаңалықтар
Іс-шара барысында қатысушылар Ботай мәдениетінің тарихы мен ерекшеліктері, ежелгі қоныстар мен арихеологиялық зерттеулер туралы білімдерін сынады. Біздің мектептің 5 «А» сынып оқушылары жүлделі І орынға ие болды. Ең үздік ойыншы Махнин Егор атанды. Ойын қызықты сұрақтар, пікірталастар және топтық жарыстар арқылы ұйымдастырылып, қатысушылардың мәдени-тарихи ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы Іс-шара облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің 105 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Конференция барысында әр өңірден келген қонақтар, професорлар, облыс әкімі, ардақты ардагерлер тәжірибе алмасып, өзекті тақырыптарды талқылады. Кездесу мазмұнды әрі пайдалы өтті.
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы Олимпиада барысында білім алушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және тапқырлықтарын көрсете білді. Қатысушылар белсенділік танытып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы; Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлы жыр алыбы, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру болды. Кеш барысында оқушылар ақынның өмір жолына шолу жасап, оның отты жырларын мәнерлеп оқыды. Әсіресе «Ленинградтық өренім» сияқты патриоттық рухтағы өлеңдері көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Сонымен […]
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы; Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Шара барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Атап айтқанда, «Ьәйге», «Асық ату», «Теңге ілу», «Тоғызқұмалақ» сияқты ұлттық ойындар өткізілді. Оқушылар ойындарға белсенді қатысып, өзара ұйымшылдық […]
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы; Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстыру, ұлттық дәстүрлерге деген құрметті арттыру. Іс-шара барысында оқушылар халқымыздың көне әрі қызықты ойындарының бірі – асық ату ойынын ойнады. Бұл ойын арқылы балалар ептілікке, дәлдікке, шапшаңдыққа баулынды. Сонымен қатар, асық ойынының тәрбиелік мәні мен тарихы туралы мағлұматтар берілді. Сабақ өте […]
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы; Сайыс барысында оқушылар төрт топқа бөліне отырып, әр топ наурыз туралы сұрақтарға жауап беріп отырды, жұмбақтардың шешімін айтты, ұқсас сөздерді тауып айтты, берілген сөздерден сөйлем құрастырды. Балалар тапсырмаларды қызығушылық танытып сәтті орындады. Сайыс барысында сыныптастары балаларға қолдау көрсетіп отырды. Орындалған тапсырмалар әділқазымен бағаланып отырылды. Ойынның соңында қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар берілді. […]
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы; 2 «А» сынып оқушысы мектебімізге әдемі қазақи нақышта сандықша, дорба сыйға тартты. Бұл – мектепке деген құрмет пен сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Осындай игі ісі үшін оқушымызға алғысымызды білдіреміз! Жақсылық жасап жарысайық, ізгі істер көбейе берсін! #мектеп #алғыс #жақсылық #игііс #оқушымақтанышы
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы; Шара барысында оқушылар топтарға бөлініп, түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындарға қатысты. Жұмбақ шешу, сөз құрастыру, артық сөзді табу сияқты кезеңдер арқылы оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және жылдам ойлау қабілеттерін көрсете білді. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс жасады. Танымдық ойын оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге ықпал […]
#Адал_азамат #школа5_Петропавловск #Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы; Мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің маңызын түсіндіру. Шара барысында оқушылар түрлі тапсырмалар орындады. Осындай іс-шаралар арқылы оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігі арта түседі.
