
Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлы жыр алыбы, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру болды.
Кеш барысында оқушылар ақынның өмір жолына шолу жасап, оның отты жырларын мәнерлеп оқыды. Әсіресе «Ленинградтық өренім» сияқты патриоттық рухтағы өлеңдері көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, оқушылар Жамбыл шығармаларынан көріністер қойып, ақынның ел бірлігі мен ерлік рухын жырлаған туындыларын сахналады.
Бұл шара жас ұрпаққа Жамбыл мұрасын кеңінен танытып, оның мәңгілік рухани қазына екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
