Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстыру, ұлттық дәстүрлерге деген құрметті арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар халқымыздың көне әрі қызықты ойындарының бірі – асық ату ойынын ойнады. Бұл ойын арқылы балалар ептілікке, дәлдікке, шапшаңдыққа баулынды. Сонымен қатар, асық ойынының тәрбиелік мәні мен тарихы туралы мағлұматтар берілді.
Сабақ өте қызықты әрі тартымды өтті. Оқушылар белсенді қатысып, ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын көрсетті. Осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық рухы нығайып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігі арта түседі.