Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Сайыс барысында оқушылар төрт топқа бөліне отырып, әр топ наурыз туралы сұрақтарға жауап беріп отырды, жұмбақтардың шешімін айтты, ұқсас сөздерді тауып айтты, берілген сөздерден сөйлем құрастырды. Балалар тапсырмаларды қызығушылық танытып сәтті орындады. Сайыс барысында сыныптастары балаларға қолдау көрсетіп отырды. Орындалған тапсырмалар әділқазымен бағаланып отырылды.
Ойынның соңында қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар берілді.
«Зияткерлік ойын» сайысы көңілімізден шықты.