
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Атап айтқанда, «Ьәйге», «Асық ату», «Теңге ілу», «Тоғызқұмалақ» сияқты ұлттық ойындар өткізілді. Оқушылар ойындарға белсенді қатысып, өзара ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті.
Іс-шара өте көңілді әрі тартымды өтті. Қатысушылар ұлттық ойындардың маңызын түсініп, халқымыздың бай мұрасына деген құрметтерін арттырды.
Кеш соңында белсенді қатысқан оқушыларға алғыс айтылып, мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор екені атап өтілді.
