«Терроризм-адамзаттың қасіреті»
02.12 күні 9 «Б» сыныбында «Терроризм-адамзаттың қасіреті» атты сынып сағатты өтті.
Сынып сағаттың мақсатты: оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Оқушыларға бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады.
«Терроризм – бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл — күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы» болып табылады.