Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
30 желтоқсан №5 орта мектеп мұғалімдері «Ұстаз» фильмін тамашалады.
«Ұстаз» фильмі – адамның өміріндегі маңызды бетбұрыстар мен шешуші сәттерді бейнелейтін әсерлі кино. Бұл туынды ұстаздың рөлі мен оның шәкірт өміріндегі маңыздылығын айрықша жеткізеді. Киноның басты мақсаты – мұғалімнің тек сабақ беруші ғана емес, баланың өмірлік құндылықтарын қалыптастырушы, оның болашағына бағдар беретін рухани жетекші екенін ұғындыру. Фильмнің негізгі идеясы – мұғалімнің оқушыға тек қана білім емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибе, адамгершілік қасиеттерді сіңіру арқылы оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына жол ашуы. Фильмде ұстаз бен шәкірттің арасындағы қарым-қатынас ерекше тереңдікте суреттелген. Мұнда олардың өзара сенімі, рухани байланысы, бір-біріне деген сыйластығының адам өміріне тигізер ықпалы терең ашылады. «Ұстаз» фильмі тек мұғалімдерге ғана емес,барша көрерменге ой салып, адамгершілік пен тәрбиенің мәңгілік құндылықтарын еске салады.
Бұл туынды – ұстаздықтың маңыздылығын, оның қоғам мен әрбір адамның өміріндегі орнын ерекше көркем бейнелейтін аса құнды шығарма.Жақсылыққа, мейірімге және рухани байлыққа толы фильмді тамашалау арқылы сізде өз өміріңізге терең үңіліп, маңызды ой түйесіз.