Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте 8-9 сынып оқушылары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ жасөспірімдер ортасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алуға арналған профилактикалық әңгіме өткізілді.
Жедел басқару орталығының Инспектор — кезекшісі (навигаторы) полиция капитаны Окишева Серафима Игоревна құқық бұзушылықтардың салдарын, есірткі заттарды қолданғаны және таратқаны үшін жауапкершілікті, буллингке жол бермеуді, агрессивті және құқыққа қайшы мінез-құлықты түсіндіруге ерекше назар аударды. Оқушыларға заң нормаларын сақтаудың, басқаларға құрметпен қараудың және қиын жағдайларда уақытында көмек сұрай білудің маңыздылығы туралы еске салынды.
Сонымен қатар, балаларға ІІМ жоғары оқу орындарына түсу ережелері, талапкерлерге қойылатын талаптар, оқыту ерекшеліктері және одан әрі қызмет ету перспективалары түсіндірілді.
Профилактикалық әңгіме түсіндіру сипатында болды және оқушылардың құқықтық мәдениетін, жауапты мінез-құлқын және салауатты және қауіпсіз өмір салтын саналы түрде таңдауын қалыптастыруға бағытталған.