Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Возможно, это изображение учеба и текст
Мектепте «Адал Азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Заң және тәртіп»тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын, заңдарды сақтауға саналы көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге тәрбиелеу болды. Сынып сағаттары барысында оқушылар заңның қоғам өміріндегі маңыздылығын, мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті талқылады.
Педагогтер білім алушыларды негізгі құқықтық нормалармен таныстырып, тәртіпті бұзумен байланысты өмірлік жағдайларды талдап, «Адал Азамат» бағдарламасының адалдық, әділдік, тәртіп және басқаларға құрмет сияқты құндылықтарының маңыздылығын атап өтті.
«Заң және тәртіп» сынып сағаттарын өткізу оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін дамытуға және заңның сақталуы қоғамдағы қауіпсіздіктің, келісім мен тұрақтылықтың негізі болып табылатынын түсінуге ықпал етті.