
«Заң және тәртіп»айлығы аясында іс-шаралар жалғасуда. Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 19 қаңтарда «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымын, оның қоғам мен мемлекетке теріс әсерін, сондай-ақ заң мен адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын талқылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, құқықтық мәдениетті және білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сынып сағаты белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінен бас тартуға ықпал етті.
