Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Қазақстан халқы тілдері күні онкүндігінің аясында 16 қыркүйекте 7 «А» сынып оқушылары арасында «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты брейн-ринг ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, ұлттық салт-дәстүр, мемлекеттік тілдің маңызы туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың тілге деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілді дәріптеу, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тапқырлығын шыңдау болды.
Белсенділік танытқан барлық қатысушылар мадақталып, жеңімпаз топ арнайы марапатқа ие болды. Шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тілге деген сүйіспеншілікті арттырды.