
Бүгін 8.09.25 жылы 7 «Г» сыныбында «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызын түсіндіру, мемелекеттік және өз тілдерін құрметтеуге, бағалауға, қорғауға баулу.
Дөңгелек үстелде оқушылар тілдің халық тарихындағы орны, даналардың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздері жөнінде пікір алмасты. Әр оқушы өз ой-пікірін ортаға салып, тілдің – ұлттың айнасы, халықтың жаны екенін дәлелдеп көрсетті.
Шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел жылы әрі мазмұнды пікірталаспен өрбіді.
Дөңгелек үстел оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.
