
Наурыз мейрамына орай мектебімізде «Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және салт-дәстүрлерді насихаттау. Мерекелік бағдарлама барысында «Атамекен», «Мереке» әндері орындалып, «Туған жер», «Қара жорға», «Жайлау», «Welcome to Kazakhstan» билері ұсынылды. Мереке соңында шашу шашылып, бата берілді. Қорытынды бөлімде белсенді оқушыларға Сара Аманжоловна және мектеп парламенті атынан дипломдар табысталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына толық жетті.
