Елімізде жыл сайын – Қазақстан халқы тілдері күні ретінде кеңінен аталып өтіледі. Бұл күн – ел бірлігі мен ынтымағының, этностар арасындағы өзара достық пен түсіністіктің айшықты белгісі. Атаулы күннің Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі – оның маңызын еселей түседі. Ұлт ұстазының тіл мен білім жолында сіңірген еңбегі – бүгінгі тіл саясатының рухани іргетасына айналғаны ақиқат.
«№5рта мектеп» КММ Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған салтанаты жиын болды. Салтанатты жиын Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен»әнімен ашылды. Шараны екінші, үшінші сынып оқушылары дайындаған әдеби монтажы жалғастырды. 2 «А» сынып оқушылары Рашидова Сауле,Севостьянова Александра, Серғазы Сафие орыс, өзбек, ағылшын ұлты атынан қазақ жеріне, қазақ тіліне алғыс айтты.
Сонымен қатар «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбына қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисарина Г.А. қосымша мәлімет берді.

