
«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте «нашақорлықтың алдын алу»тақырыбында маңызды және өзекті дәріс өтті. Оқушылармен кездесуді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Жұмағұлова Валентина Андреевна өткізді. Дәріс барысында оқушыларға есірткі заттарының зияны, оларды қолданғаны және таратқаны үшін заңды жауапкершілік, сондай-ақ саналы таңдаудың маңыздылығы және қиын өмірлік жағдайларда «жоқ» деп айта білу туралы айтылды.
Іс-шара жасөспірімдердің өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған. Валентина Андреевнаға мазмұнды және танымдық әңгіме үшін, сондай-ақ оқушылардың өмірлік құндылықтарын дұрыс тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.
