Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Мұқағали Мақатаев
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай 7″А сынып оқушылары арасында тәрбиелік мәні зор әдеби іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы туралы мәліметтер айтып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Үш бақытым», «Отан туралы» сияқты жырлары оқылып, өлеңдерінің мазмұны талданды. Сонымен қатар, ақын шығармашылығына арналған сұрақ-жауап, викториналық тапсырмалар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Шара соңында оқушылар Мұқағали поэзиясының терең мағынасы мен тәрбиелік мәні зор екенін түсініп, ақын шығармаларына деген қызығушылықтарын білдірді. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз.