
13 наурыз күні мектебімізде қазақ халқының ежелгі дәстүрі – Көрісу күні (Амал мерекесі) атап өтілді. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдіреді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық дәстүрдің мәні мен маңызын танып, үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін айтты. Қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәліметтер айтылып, ұлттық ойындар мен шағын көріністер ұйымдастырылды.
Мерекенің басты мақсаты – оқушыларға халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыра түсті.
