Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектепте педагогикалық ұжым мен мектеп қызметкерлерінің СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Балацка Милена Игоревнамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелері, интернет-алаяқтық түрлері және зиянкестер қолданатын ең көп таралған схемалар қаралды. Маман тәжірибеден нақты мысалдар келтіріп, киберқылмыскерлердің қалай әрекет ететінін және желідегі абайсызда қандай салдарлар болуы мүмкін екенін нақты көрсетті.
Киберқылмыстардың алдын алуға, желідегі құқыққа қайшы әрекеттерге қатысқаны үшін жауапкершілікке және білім алушылардың интернет-кеңістікте қауіпсіз және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудағы педагогтардың рөліне ерекше назар аударылды.
Өткізілген кездесу мектеп қызметкерлерінің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға және білім беру ұйымының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етті. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы